Білім мен ғылымның көшбасшылары: ҚазҰМУ магистранттары Индонезия төрінде халықаралық тәжірибе шыңдады

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің білім көкжиегін кеңейткен жас ғалымдары 2025–2026 оқу жылында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын абыроймен аяқтап, зор табыспен оралды. 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ғылыми-педагогикалық бағыт білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары экзотикалық Индонезия Республикасының көрікті Бандунг қаласында орналасқан әлемге әйгілі, іргелі Institut Teknologi Bandung университетінде білім мен ғылымның озық үлгілерін меңгеріп қайтты.

2026 жылғы 19 ақпан мен 19 маусым аралығын қамтыған сындарлы кезеңде жас зерттеушілеріміз көктемгі семестрдің іргелі пәндерін терең меңгеріп қана қоймай, шетелдік жоғары технологиялық зертханалар базасында өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізді. Бұл халықаралық белесті бағындыру — жас мамандарымыздың кәсіби құзыреттілігін шыңдап, заманауи фармацевтика әлемінің ең соны ғылыми жетістіктері мен озық технологияларын отандық өндіріске енгізуіне жол ашатын теңдессіз тәжірибе мектебі болды.

Университет мерейін үстем етіп, халықаралық аренада білім додасынан өткен алтын қанатты магистранттарымыз:

  1. Айтбаганбетова Асмира Алтынбековна
  1. Атуллаева Алия Аскаркызы
  2. Ауталипова Жансая Ержановна
  3. Зият Аққу Ибадуллақызы
  4. Намазов Асылжан Ғалымжанұлы
  5. Мұқашева Жанбота Жамболатқызы
  6. Тореболсын Мұратхан Кадырбекұлы
  7. Брутчик Давид Александрович
  8. Сериккали Айша Айдынкызы
  9. Шакен Алуа Бақытқызы

 

Қара шаңырақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен алтын көпір орната отырып, білім сапасын жаңа белестерге көтеруді және отандық фармация саласының болашағын бағындыратын бәсекеге қабілетті, жаһандық деңгейдегі озық мамандарды тәрбиелеуді өзінің басты миссиясы ретінде жалғастыра береді.

отчет индонезия 2