Қазақша аудармасы
ҚазҰМУ-да – ғалымдардың жаңа буыны: жеті зерттеуші PhD дипломын алды
Қатерлі ісікті ерте анықтаудан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасына дейін – ҚазҰМУ-да зерттеулері бүгіннің өзінде денсаулық сақтау саласының нақты міндеттеріне жауап беретін жас ғалымдардың жаңа буыны таныстырылды.
15 қыркүйекте С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұттық медицина университетінде 2026 жылғы докторантура түлектеріне PhD докторлық дипломдары мен аяқтау туралы сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Биыл «Медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламалары бойынша жеті жас ғалым PhD дипломына ие болды. Олардың зерттеу тақырыптары онкология, неврология, стоматологиядан бастап медициналық көмекті ұйымдастыру, пульмонология және қоғамдық денсаулыққа дейінгі өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Жаңа PhD докторларының қатарында тұқым қуалайтын бейімділігі бар пациенттерде колоректалды ракты ерте анықтау мүмкіндіктерін зерттеген Алматы онкологиялық орталығының онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев бар.
«Керуен Медикус» медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Ғалым өз ғылыми жұмысын қазақ популяциясындағы балаларда чашыраңқы склероз спектрінің демиелиндеуші ауруларының даму ерекшеліктеріне арнады.
ҚазҰМУ Ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистент профессоры Мәди Тілешев стоматологияда наноқұрылымды жабыны бар титан имплантаттарын қолдану келешегін зерттеді.
Тағы төрт диплом «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша тапсырылды. Камшат Толғанбаева, Мақсат Мамырқұл, Ғалия Базарбекова және Динара Шакидің зерттеулері ерлер денсаулығының профилактикасына, пандемия кезеңінде стационарлық көмекті ұйымдастыруға, пульмонологиялық қызметті дамытуға және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігіне арналған.
Жас ғалымдарды ҚазҰМУ бірінші проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Диляра Қайдарова құттықтады. Ол түлектерге кәсіби өсу мен жаңа ғылыми табыстар тіледі.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша дипломдарды тиісті диссертациялық кеңестің төрағасы, профессор Мақсұт Құлжанов тапсырды.
Салтанатты шара тек қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді атап өтумен шектелмеді. Осы күні университет 2026 жылғы докторантура түлектерін де үлкен кәсіби жолға шығарып салды.
Биыл ҚазҰМУ докторантурасын 20 адам аяқтады: тоғызы – «Медицина», төрт түлек – «Қоғамдық денсаулық сақтау», үшеуінен – «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», сондай-ақ біреуі «Бейіндік мейіргер ісі» бағдарламасы бойынша білім алды.
Үш түлек «2026 жылдың үздік түлегі» атағына ие болды.
Докторантураны аяқтау туралы сертификаттарды ҚазҰМУ проректоры, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Убайдилла Датхаев тапсырды.
Бүгінгі докторантура түлектері ертең-ақ зерттеу бағыттарын айқындап, пациенттермен жұмыс істейді, жаңа ғылыми мектептер құрады және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ететін шешімдер қабылдайды.
Университет ғылымы өз жалғасын осылай табады: тек диссертациялар мен жарияланымдарда емес, ең алдымен білімді нақты өзгерістерге айналдыруға дайын мамандар арқылы көрінеді.



















