ҚазҰМУ-да магистратура түлектеріне дипломдар тапсырылды

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде магистратура түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. 2025–2026 оқу жылында 105 түлек магистр академикалық дәрежесін алып, ғылым мен денсаулық сақтау саласын басқаруды дамытуға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Биылғы жылы дипломдар келесідей бөлінді:

  • 14 түлек Сулейман Демирел атындағы университетпен (SDU) бірлескен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА және ЕМВА қос дипломы бағдарламасын табысты аяқтады;

  • 41 түлек «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру» ЕМВА (Executive MBA) бағдарламасын аяқтады;

  • 50 түлек магистратураның ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттары бойынша білімін аяқтады.

Басқарушы кадрлар мен ғалымдарды даярлау — ҚазҰМУ-дың стратегиялық басымдықтарының бірі. Іскерлік әкімшілендіру магистрлері (MBA/EMBA) күрделі экономикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді тиімді шешуге, медициналық ұйымдарда заманауи менеджмент әдістерін енгізуге және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Өз кезегінде, ғылыми-педагогикалық бағыттың түлектері еліміздің білім беру процесі мен зерттеу қызметіне жаңа іргелі білім әкеледі.

Заманауи денсаулық сақтау саласы жоғары икемділікті, көшбасшылық қасиеттерді және терең сараптамалық білімді талап етеді. Алынған магистр дипломы — бұл табысты мансап құрудың, отандық медицина ғылымын дамытудың және Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдірудің берік іргетасы.