e-mail: [email protected]
телефон: +7 708 827 6065
Жалпы мәліметтер
Бөлімнің толық атауы: Магистратура және докторантура бөлімі (МДБ)
Заңды/пошталық мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94 Т. Атчабаров атындағы ҒЗИ, 4-қабат, 401-кабинет
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ
Бөлімнің мақсаты
Магистратура және докторантура бөлімінің мақсаты — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің даму стратегиясына және мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес ғылым-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанда ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да сұранысқа ие медицина, қоғамдық денсаулық, фармация және басқа да іргелес бағыттардағы бәсекеге қабілетті ғылыми әлеуетті қалыптастыру.
Бөлімнің негізгі міндеттері
- магистратура және докторантурадағы білім беру процесін ұйымдастыру және үйлестіру;
- магистранттар мен докторанттардың жеке білім беру траекторияларын жоспарлау және сүйемелдеу;
- қабылдау және қорытынды аттестациялық іс-шараларды (емтихандар, әңгімелесу, қорғау, алдын ала қорғау, апелляциялар) ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру бағдарламаларының орындалуын әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу және бақылау;
- диссертациялық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және диссертация қорғауды үйлестіру;
- білім алушылардың жарияланымдық белсенділігіне, ғылыми жұмысына және академиялық ұтқырлығына жәрдемдесу;
- халықаралық ынтымақтастықты, тағылымдамаларды және бірлескен бағдарламаларды дамыту;
- білім беру процесін басқаруға цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу ( «МАГИСТР» жасанды интеллект жүйесі);
- нормативтік талаптарды сақтау үшін мемлекеттік органдармен және аккредиттеу ұйымдарымен (ҒжЖБМ, Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы және т.б.) өзара іс-қимыл жасау;
- магистратура және докторантура бағдарламаларын іске асыру тиімділігін талдау және жетілдіру.
Бөлімнің құрамы